02.09.2024-10.09.2024
Хабарландыру
Мекеме «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№39 «Салтанат» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: 090000 Орал қаласы, Жаңа Орда ықшам ауданы, 20 үй
Телефон: (87112) 27-86-76
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» №39 «Салтанат» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос лауазымдық орындарына ашық конкурс жариялайды.
Тәрбиеші -1 бірлік (декреттегі қызметкердің орнына)
Дефектолог-1 бірлік (декреттегі қызметкердің орнына)
Хореограф-1 бірлік (тұрақты)
Мектепке дейінгі ұйымының негізгі қызметі:
- Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын жүзеге асыру;
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік және жеке даму қасиеттерін жүзеге асыра отырып, оларға ұлтжандылық және адамгершілік қасиеттерін үйрету барысында қызығушылықтарын қанағаттандыру;
- Дені сау бала тәрбиелеу барысында; балалармен жан-жақты бағытта жұмыстану;
Лауазымдық жалақысы: Тәрбиеші лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылына, біліміне, біліктілік санатына байланысты 116 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін.
Лауазымдық жалақысы: Дефектолог лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылына, біліміне, біліктілік санатына байланысты 116 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін.
Лауазымдық жалақысы: Хореограф лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылына, біліміне, біліктілік санатына байланысты 116 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін.
Тәрбиеші біліктілікке қойылатын талаптары: Тиісті бейінде арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітірген маман болуы керек.
Дефектологқа біліктілікке қойылатын талаптары: Тиісті бейінде арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітірген білімі болуы керек.
Хореографқа біліктілікке қойылатын талаптары: Тиісті бейінде арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітірген білімі болуы керек.
Тәрбиешінің лауазымдық міндеттері:
-балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
-мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
-режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
-балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
-дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
-қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
-мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
-мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
-мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
-отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
-мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Дефектологтың лауазымдық міндеттері:
мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;
ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;
жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Хореографтың лауазымдық міндеттері:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына сәйкес балаларды эстетикалық дамыту мен музыкалық тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Би билеудің техникасын шебер меңгерген. Би бойынша сабақтарды,балалар мерекелерін және басқа мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, биге әуес дарынды балаларды анықтайды,балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.
Балалардың ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық және дидактикалық ойындар өткізеді.
Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Балалармен жұмыс жасауда инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді.
Балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселесі ата-аналар мен тәрбиеленушілерге кеңес береді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
педагогикалық этиканың нормалары;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;
жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;
әдістемелік жұмысқа қатысу;
балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу;
балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
тәлімгерлікті қолдану;
көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;
аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу;
оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;
балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;
РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.
№39 «Салтанат» бөбекжайы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарландыру жариялаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымдарға орналасу үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарынапедагогикалыққызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурстық орналастырудың дәйекті кезеңдері:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
3) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;
4) конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштерін, біліктілікті арттыру, әдістемелік қызмет, қоғамдық педагогикалық қызмет,ғылыми/академиялық дәрежесін, сондай ақ жұмысқа алғаш кіретін педагог, білімі туралы қосымша дипломға педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері бағасын және жұмыс өтілі бар қызметкер алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат әкелу бағытындағы, қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпан №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамызда № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірліскен бұйрығы) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет:
090000 Орал қаласы, Жаңа Орда ықшам ауданы, 20 үй.
Анықтама алу телефондары:
8(7112) 27-86-76. E-mail: 3939saltanat@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.09-10.09.2024 ж аралығында
Орал қаласының білім беру бөлімінің №39 «Салтанат» бөбекжайының конкурстық комиссиясы.